Іске асқан
ЖИ фотобудка
ЖИ көмегімен бір минутта жаңа образда суретке түсу
Қонақ 65″ сенсорлы экраны бар тұғырға келіп, экраннан образды таңдайды да, камера алдындағы белгіге тұрады. Кері санақтан кейін камера суретке түсіреді, ал ЖИ қонақтың бетін алдын ала дайындалған үлгіге көшіреді. Үлгілерді әр жобаға жасаймыз: әр жасқа бөлек, өз позаларымен, костюмдерімен және фондарымен. Бірнеше секундтан кейін дайын фото экранда, қонақ QR-ды сканерлеп, оны Telegram-нан алады. Бұл жаңалық, сондықтан тұғырдың алдында кезек болады: әркім естелікке фото алғысы келеді, ал клиенттің бренді әр суретте қалады.