Іске асқан
Тұтқа
Уақыт тұтқасы · тұтқаны жылжытасың, экрандағы уақыт алға немесе артқа жүреді
Үлкен LED-экранның алдында тұтқасы бар пульт тұр. Саңылаудың бойында үш жазу: ТАРИХ, БҮГІН, БОЛАШАҚ. Қонақ тұтқаны алға жылжытады, ал экрандағы қала уақыт бойымен бірқалыпты өзгереді: XIX ғасырдың мұрағат суреттері, кеңестік қала, бүгінгі күн, болашақ қаласы. Артқа жылжытсаң, уақыт кері жүреді. Алматы күніне жасадық, контентті кез келген тарихқа арнап жасаймыз: қала, компания, бренд.